Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
15
февраль
2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар

 «Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мекемесінде

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстарға анықтама 

Жылдық жоспар құрылған. 

Сыбайлас  жемқорлықпен  күресудің мақсаттары мен міндеттері


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:

  1. қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;
  2. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
  3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
  4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  5. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

Жас ұрпақты парасаттылық пен адалдыққа баулу ,сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  оны болдырмау мақсатында  жоспар құрылған.

        Жұмыс жоспарына сәйкес 2022-2023 оқу жылында      1-8 қыркүйек күндері аралығында «Адалдық сағаттары» жоспар бойынша өткізілді.  Іс-шара бойынша 2-4 сынып жетекшілері Тұрсынхан У. Молдабекова Р. Акежанова С «Парасатты азамат» тақырыбында сынып оқушыларына әңгіме жүргізді. Мақсаты: Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы  мәнін түсіндіру. Өзектілігі: Өскелең ұрпақ арасында мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары мен даму басымдығын іске асыруға, әрбір азаматтың адал қызмет жасауға насихаттау. 

05.09.2022 жылы  «Жемқорлықсыз қоғам-нұрлы болашақ кепілі»  атты  тақырыптық    дәрісті 5-6 сынып жетекшілері Дүйсенғали Т, Нургалиева Г. өткізді. Дәрістің өзектілігі: патриотизм, ар-ұят, абырой, әділеттілік  және тәртіп, жауапкершілікті түсіндіру. 

 «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?» тақырыбында сынып оқушыларымен 06.09.2022ж  күні 7 сынып жетекшісі Керимбекова Г.М және 8 сынып жетекшісі Джазыбаев С.Д пікірталас өткізді. Мақсаты: «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.   Пікірталас өзектілігі: «Құқық бұзушылықтарға  мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру.

  

   9-10 сынып жетекшілері Оспанов Р. және Мырзахметова Ж «Адалдықты ту еткен ұрпақпен-арманға бірге жетейік!» тақырыбында дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.  Өзектілігі: Ашық және қоғамға есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға ба,ытталған міндеттерді шешудегі Қазақстанның жетістіктерін көрсету. 

  8 қыркүйек   күні 11 сынып жетекшісі Күреңбаева А.Қ «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек»  бойынша конференция өткізді. Конференция мақсаты: «сервистік алаң» екендігін түсіндіру. Халыққа қызмет көрсету спекторының барлық саласын көрсету болып табылады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру іс-қимылдың  жоспарына сәйкес 2022-2023 жылдың қыркүйек айында 5-10 сынып оқушылары арасында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері жасақталды. 

Мектеп оқушылары арасында  «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Аталған сурет көрмесіне 7 сынып оқушылары белсенділік танытты.


Анықтаманы жазған ДТІЖО Б.Нүптекеева 04.11.2022ж