Асанов Сәулет Мырзаханұлы » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
30
январь
2023

Асанов Сәулет Мырзаханұлы

Асанов Сәулет Мырзаханұлы 1963 жылдың 24 тамыз күні Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Сарыбел ауылында дүниеге келді. 

1970 жылы Алмалы орта мектебінің 1-ші сыныбына барып, 1978 жылы 8 сыныпты бітірді. 

 1978 жылы Панфилов педагогикалық училищесіне түсіп, 1982 жылы бастауыш сынып мұғалім мамандығы бойынша бітірді. 

1982 жылы әскер қатарында болды. 

1984 жылы Алмалы орта мектебінде ұзартылған «Күн тобы» тәрбиешісі болып істеді. 

1986 жылы еңбек сабағының мұғалімі болып ауысты. 

1991-1993 жылдары Панфилов аудандық «Мұрагер» балалар орталығында әдіскері болып істеді. 

1993 жылы Панфилов аудандық білім бөлімінде әдіскер қызметін атқарды. 

1994 жылы Абай атындағы орта мектепке ән сабағының мұғалімі болып қабылданды.

1996 жылдан дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі қызметінде. 

2002 жылы Абай атындағы ұлттық мемлекеттік университетіне түсіп, 2004 жылы алғашқы әскери дайындық жетекшісі және дене тәрбиесі пәнің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. 

2005-2011 жылға дейін  Абай атындағы орта мектепте директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 

2011 жылдан Аққұдық ауылы, Ш.Байбатшаев атындағы мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. 

Жанұясында жұбайы және 2 баласы бар, әскери міндетті.