"ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2024" » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
15
март
2024

"ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2024"

    Панфилов ауданы Ш.Байбатшаев атындағы орта мектепте жылдық жоспарға сай "ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2024" байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жас мамандардың біліктілігі мен өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу.
 Сайысқа мектебіміздің 5 жас маманы қатысып, бақтарын сынады. Байқауға қатысқан жас мамандар төмендегі сынақтардан өтті: «Өзін-өзі таныстыру», «Ширату», «Көкпар», «Қатысушының өз өнері», «Педагогикалық ситуация». Өте қызықты әрі тартысты  өткен сайысқа жас мамандар тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Таныстыру және өнер көрсету кезеңдерінде мұғалімдер өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Жас болса да, ұстаз деген атқа лайық жас мамандар педагогикалық жағдаяттарды жан-жақты орындады. 5 жас маманның барлығы да өз ісінің үздігі болуға лайықты екендігін қазылар алқасы атап өтті. Әділ қазылар алқасының  мүшелері бес кезең бойынша қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды. “ҮЗДІК ЖАС МАМАН - 2024” байқауы бойынша әділ қазылар шешімін қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады. Іс-шараның қорытындысы бойынша информатика пәнінің мұғалімі Емаш Шолпан бас жүлде, география пәнінің мұғалімі Нұрбаева Шолпан І орын, бастауыш сынып мұғалімі Батырхан Маржан ІІ орын, физика пәнінің мұғалімі Жадигерова Ботагөз ІІІ орын, технология пәнінің мұғалімі Байбулекова СымбатІІІ орынды иеленді.