Адамова Бота Жұмагелдіқызы
12.01.1978ж. Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақтүбек ауылында дүниеге келген. Ұлты: қазақ. Білімі: жоғары, Бакалавр – 2008ж., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты. Орыс тілі мен әдебиеті мамандығын бітірген. Жалпы жұмыс өтілі 22 жыл. 2000 жылдан бастап Алматы облысы, Панфилов ауданы «Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп» КММ-де орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. 2013 жылдан бастап осы аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады.