І жарты жылдық кітапханаға жүргізілген жұмыстарға қорытынды есеп » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » І жарты жылдық кітапханаға жүргізілген жұмыстарға қорытынды есеп
02
февраль
2023

І жарты жылдық кітапханаға жүргізілген жұмыстарға қорытынды есеп

Ш.Байбатшаев  атындағы  орта   мектебінің 2022-2023 оқу   жылындағы жылдық кітапханаға жүргізілген жұмыстарға қортынды есеп

  Оқушыларды оқулықтармен  қамтамасыз   ету жағдай

 Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған басты мақсатының бірі- білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса , біздің барлық іс әрекетіміз осы бағытта болуы тиіс. Ал өсіп келе жатқан жас ұрпақ білімді, әрине кітаптан алатыны сөзсіз.  

     Біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр – ғылым мен технологияның ғарыштап дамыған ғасыры. Информациятандыру, жахандық және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында адамзат баласына білім беру, кітап оқу  бірінші кезекке қойылатыны сөзсіз.

     Мектеп    кітапханасының  жалпы  кітап   қоры –3912 ,     оның  ішінде  оқулықтары   -3012      көркем     әдебиет  -  900     дана  кітаптар  мен    кітапшалар  бар.  2-ші    сыныпқа     жаңа   бағдарлама    бойынша  оқулықтар    таратылып   берілді.    

     1-11   сыныптар    мектеп   бойынша   100 пайыз  оқулықпен қамтылды Оқулықтарға  айына  бір   рет  рейд  жүргізіледі.    

Кітапхана  активтерімен    бірге   тексеріп,  отырамыз.  Ескертулер   болса  сынып   жетекшілер   мен  кітап   секторларыныа   айтылады.      

       Кітапханаға  155   оқырман  тіркелген.   Бастауыш    сыныптардың  оқушылары     кітапханаға   жиі   келеді.  Жоғары  сыныптардан   7-8-9 оқушылары    келіп  кітап   алып  тұрады.  Преподавателиге,   оқушыларға  керекті  мәлметерді   тауып  беріліп  тұрады.

     Мектеп кітапханасы кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді сонымен қатар мұғалімдермен тығыз байланыста.

ІІ. Өздік көрсеткіш

Р\с

Көрсеткіш

2022-2023

1

Кітапқоры

3912

2

Оқулыққоры

3012

3

Қордың  өсуі

356

4

Көркем   әдебиет   

900

5

Оқырмандар саны

155

6

Кітапханаға  оқырмандар бару   саны

1431

7

Кітап  беру  саны

3292

8

Қазақ  тіліндегі кітаптар  саны 

2916

9

Электрондық оқулықтардың   саны

 61



 

                          Оқырмандармен жұмыс мазмұны және  ұайымдастыруы.

      Оқу жылында оқырмандар  белсенділігінін орта көрсеткіштері сол деңгейде қалды.

  Бірінші сынып оқушылардың мектеп кітапханасымен танысуы дәстүр   бойынша қыркүйек айында өтеді.Ал қарашаның аяғында бірінші сынып оқушыларына   салтанатты жазу өтеді,бірінші кітапхана сабағы «Мектеп кітапханасымен танысуы».Оқушылар   «кітапхана», «кітапханашы»,«кітап қоры» деген ұғымдармен танысады.

      Оқырмандармен әрқашан  жеке жұмыс жасалады.Оқырмандар мүдделерін және көзқарас енділіктерін білу    мақсатымен,жүйелі түрде  сұхбаттар    өткізіледі.

         Преподавателиді сабақ берудін әдістері,жаңа педагогикалық технологиялар қызықтырады..Олар жүйелі түрде сынып сағатын немесе түрлі   тематикасымен тәрбиелік іс-шараларды өткізу үшін материал алуға    келеді. Мысалы: :Ана күні, Жаңа жыл, Наурыз, Салауатты өмір салты және тағы басқа.

 IV. Әдістемелік жұмыс

 Биыл   жылдық  жоспар   бойынша   жұмысымызды  жүргізіп    келдік. 1-4  сынып оқушылары барлығы кітапхана оқырмандары болып саналады .Бұл оқырмандарымыз балаларға арналған әдеби кітаптарды көп оқиды, соның ішінде  ертегілерді қызығып оқиды, оқыған кітаптары туралы ой бөліседі. 5-8 сынып оқырмандары тарихи, хайуандар,спорт туралы кітаптарға сұраныс көп алады, әдеби кітаптарды оқиды, энциклопедиялар, сөздіктер пайдаланады.

   9-11 сынып  оқырмандары көбінесе сөздіктер, энциклопедиялар, электрондық оқулықтар пайдаланып оқиды, әдеби кітаптарды мектеп бағдарламасы  бойынша оқиды.

Кітапханада көптеген кітап көрмелері, дөңгелек үстел, рухани әңгімелер  өткізілді.

Кітапхананың әрбір кітабын оқырманға насихаттауда кітап көрмесінің маңызы зор.

Қыркүйек айынан бастап тіл апталығына байланысты: «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ  тілі білімінің атасы»  ( кітап көрмесі ұйымдастырылды) » атты кітаптарын барлық оқырман қауымға насихаттау

01.09.   кітап   көрме:  «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын» 

Өскелең  ұрпаққа  «Ахмет Байтұрсынұлының»  насихаттау,   кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.

06 .10.  кітап көрмесі:«Жер тағдыры – ел тағдыры» 

Іс-шара барысында, пікірталас, кітап көрмесі, буклеттер, ой-толғаулар, слайд көрсетілді. өз деңгейінде   ұйымдастырылды .                                                                                        15.10. «Балалар жылы» аясында  «Оқуға құштар ұлт » жобасын  жандандыру мақсатында ұйымдастырылған  «Каникулда кітап оқимыз» атты ІІ  республикалық марафон басталып,  мектеп оқушылары  электронды кітап оқуды меңгере отырып , қоғамда кітап оқу үрдісін қалыптастыруға , дамытуға үлес қосқаны үшін  Сертификат, Алғыс хат , Дипломмен 2-сынып оқушысы Нұрымғали Е. 3-сынып оқушылары Нақысбек С, Мұратбек Қ  4 -сынып оқушылары Дәулеткелді Ж,Тоқтарбай Е. 5-сынып оқушылары Жайырбек Ш, Нуртәліп І, Юлдашұлы М,Марданова Ж, 6-сынып оқушысы Қазайбек А  марапаталды.


18.10. Библиографиялық шолу:«Денсаулық-зор байлық» слайд көрсетілді. өз деңгейіндеұйымдастырылды . .  Оқушылар тіл туралы үш тілде өлеңдер оқып, «Менің тілім өлмейді» атты көрініс қойды. 


15.10. Дөңгелек үстел: «Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес  Одағының Батыры  М.Маметова -110жыл» 6-9    сыныптар арасында  мектеп  кітапханасында  іс-шараөткізілді.


01 .12. Ертегі кітаптар  оқу:  «Оқуға   құштар  мектеп»  жобасы   аясында  бастауыш   сыныптармен    


09   желтоқсан   күні  «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы»  \дөңгелек   үстол\5-6 сыныптар арасында  мектеп   кітапханасында  іс-шараға.


15.12.   Кітап  көрме:   «Тәуелсіздік жетістіктер» Өскелең   ұрпаққа «Тәуелсіздік жетістіктері»   насихаттау.«Тәуелсіздік жетістіктері» атты   кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.                                                                                  

Қорытынды.

Алдымыздағы   жұмысымыздың  бір саласы – әр кезде жарық көрген  жақсы шығармаларды көпшілік арасында кеңінен насихаттау, олардың кейбір ерекшеліктеріне баса назар аударып жаңарту жолдарында жұмыс  жүргізу,  оқырмандармен жұмыс жүргізу оқырмандардың   кітапханаға деген көзқарастарын қалыптастыру.

  Білімге ұмтылған оқырманның табылар жері – кітапхана. Кітап оқу жан дүниемізді байытады, жаңа технология заманында да кітап адамның ой – өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала бермек. Қазіргі заманға  сай  оқырмандардың ойын ұшқырлайтын іс –шаралар ұйымдастыру. Оқудан  қол үзбейтін оқырмандарды  көбейтіп, оқу –тәрбие  жұмысына ықпал етуге  еңбек ету.  Оқу жылының басында  оқулықтар таратылып, оның жыртылып бүлінбеуін қадағалап тұру. Кітапханалық  библиографиялық ілімнің негіздерімен балаларға арнайы  кітапхана  сабақтарын жүргізу.