«Қауіпсіз терезелер» республикалық ақпараттық науқаны » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Қауіпсіз терезелер» республикалық ақпараттық науқаны
14
апрель
2023

«Қауіпсіз терезелер» республикалық ақпараттық науқаны

«Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп»Управления образования Алматинской области нің

03.04.2023ж-14.04.2023ж күндері аралығындағы «Тыңдалуға құқық» ұранымен өткізілген  «Қауіпсіз терезелер» республикалық ақпараттық науқанына   

А Н Ы Қ Т А М А

         

      03.04.2023ж-14.04.2023ж күндері аралығында «Тыңдалуға құқық» ұранымен «Қауіпсіз терезелер» науқанынына жоспар құрылып, іс-шаралар жоспар бойынша жүрізілді.

            Мақсаты: Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың терезеден құлап кету нәтижесінде болуы мүмкін қайғылы салдарлар туралы ата- аналардың назарын қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.

          1-4 сыныптар арасында сынып жетекшілер  «Бала өмірінің қауіпсіздігіндегі ата-ана ролі» тақырыбында ата- аналармен  тренинг жүргізілді. «Өз балаңыздың өмірін сақтаңыз!» тақырыбында жадынамалар таратылды. Сонымен қатар,1-6 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізіліп,түсінік жұмыстары жүргізіліп,                                                                       Мақсаты: ата- аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал ету, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру, ата- аналардың педагогикалық- психологиялық білімін көтеру, басты байлығы – баласы екеніне кеңес беру.   

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0nCir6hDjpuaU9wGGkT7CJJcwLYQUf6Amx7eKZD47e6xR9SF8MsCqwzTy4qfFMmgKl&id=100033838837621&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f

     «Бала өмірінің қауіпсіздігіндегі ата- ананың міндеті»  тақырыбында                        3 сынып жетекшісі Р.Молдабекова  сынып сағатын өткізді. 

Мақсаты: ата- аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал ету, өз баласын  жақсы тану, көмек және кеңес беру, ата- аналардың  педагогикалық- психологиялық білімін көтеру, басты байлығы- баласы екеніне кеңес беру.

Мұғалім сынып  сағатын сұрақ- жауап, «өз жұбыңды тап» ойын, «бала өмірінің қауіпсіздігі туралы» баяндама, «өрмекші торы» , «майшам» жаттығулары арқылы өткізе отырып, тақырыпты толық  ашып ,оқушыларға жеткізді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Кельмуханбетова   «Ұстаз тілегі» Республикалық     ғылыми-әдістемелік журналының желілік басылымына «Балалардың терезеден құлауының алдын алу» тақырыбында мақала жариялап сертификат  куәлігін алды. 

 Мақсаты: қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша ақпараттық жұмыстарын түсіндіру.

        7 сынып жетекшісі Т.Ибраймжанова оқушыларымен « Қауіпсіз терезелер» тақырыбында сынып сағатын өткізді. 

Мақсаты:қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тәртіп ережелері туралы түсініктерін тереңдету. Өз өмірін және айналасындағылардың өмірін сақтау үшін сезімін арттыру. 

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетін негізгі ережелер жайлы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Оқушылар көптеген пайдалы және қажетті мағлұматтарды  есте сақтап үйренді.

         Мектеп психологы Мухаева Н.К «Балалар қауіпсіздігі ата- аналар жауапкершілігінде» тақырыбында ата- аналар арасында  тренинг- жаттығу өткізді.

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым- қатынас орнату.

Міндеттері: ата- аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Тренингте қолданылған әдіс- тәсілдері: пікір алмасу, сұрақ- жауап, «шаттық шеңбері», «танысу жаттығуы», «дыбыстар», «жүрек жылуы»   жаттығулары.

         Әлеуметтік педагог Ахатаева Л.Е «Қауіпсіз терезелер» республикалық   ақпараттық науқанын өткізу барысында мектебіміздің қысқа мерзімді тобымен кездейсоқ жағдайларда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз балабақша»   тақырыбында акция өткізді

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0AwDYAj2yTy6988BsGPz6JBuh355LzaSGsJ9WbqvAxkPj52v5fZef1frmvfH2NHgPl&id=100033838837621&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f

 Мектеп медбикесі Бекбатырова Б.А «Абайлаңыз, ашық терезе!»                      ата- аналармен профилактикалық  жұмыстар ,технология пәнінің мұғалімі Р.Оспанов мектеп ұжымымен қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша ақпараттық –түсіндіру жұмыстарын жүргізді.                                  Мақсаты: қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша ақпараттық жұмыстарын түсіндіру.



Анықтаманы жазған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Нүптекеева                                           14.04.2023жыл



 

 


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02SPcTKmMrFXj4c88rBSphSDZEHHuds8dmNJmMMFHYiBT69P71xskCNgJZbpnu5u3il&id=100033838837621&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f