«Руханият» қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндер бірлестігі «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты баяндама жобасын бірлестік отырысында талқылады » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Руханият» қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндер бірлестігі «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты баяндама жобасын бірлестік отырысында талқылады
09
ноябрь
2023

«Руханият» қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндер бірлестігі «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты баяндама жобасын бірлестік отырысында талқылады

Жетісу облысы Панфилов ауданы Аққұдық ауылы "Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп" КММ-де «Руханият» қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндер бірлестігі «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты баяндама жобасын бірлестік отырысында талқылады.
Баяндаманың кіріспе бөлімінде Қазақ халқы ежелден білімнің ең асыл қазына, адамды арманы мен үкілі үмітене жеткізер басты құндылық екенін мойындаған. Біздің ұлттық санамыз өзгеріске ашық, жасампаздыққа құмар, танымды шектейтін тосқауылдардан тыс. Бізде өте мықты білім беру жүйесін құруға қажетті алғышарттар жеткілікті. Білім беру саясаты ұлттық және халықаралық объективті өлшемдер негізінде құрылады. Бізде озық ойлы педагогтер жасаған оқыту тәжірибелері аз емес. Осы алғышарттар, атап айтсақ кәсіби мамандар, отбасылар, мектептер, ресурстар кең байтақ еліміздің кез келген бұрышында әр бала үшін ең жақсы мектебі бар мемлекетке айналуына мүмкіндік береді. Қазақстан тап осындай ел бола алады. Осыған үлес қосу – Отанын сүйетін әр азаматтың еліміздің гүлденуіне қоса алатын ең ізгі де сауапты амалы болмақ деп еліміздің өркендеп даму жолында басты құндылық білім екенін нақты атап көрсетеді.