9 ақпан ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген іс шара » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9 ақпан ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген іс шара
12
февраль
2024

9 ақпан ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген іс шара

Жетісу облысы,Панфилов ауданы,Аққұдық ауылы Ш.Байбатшаев атындағы орта мектепте 9 ақпан ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай 1-10-сынып оқушылары арасында «Жырлайды жүрек» атты көркем сөз байқауы болып өтті.
Мақсаты:
  Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту.Ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу,өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау,ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу.Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Байқауға барлығы 19 оқушы қатысты. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінді.
І.Кіші топ: 1-4-сынып оқушылары;
ІІ.Орта топ: 5-7-сынып оқушылары;
ІІІ.Үлкен топ: 8-10-сынып оқушылары.

Байқау 4 кезеңнен тұрды.
1.«Менің пірім - Мұқағали» айдарында – оқушы Мұқағалидің бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс – тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс. (5-10 балл)

2. «Мұқағали жайлы кім көп біледі?» - сұрақ – жауап айдары.
Үміткер берілген сұрақтарға жауап береді. 
3. «Тіл өнері».Бұл кезеңде ақынның өлеңдерінен үзінділер оқылып,жыр жолдарына жасырылған сөздерді тауып,үш тілде жауап береді.4.  «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап... » айдарында оқушы өз төл туындысын оқиды. 
Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады.
Байқау қорытындысы шығарылып, төмендегі оқушылар жүлделі орындарды иеленді.
Кіші топтар арасында
3-сынып оқушысы Нұрмғали Еркежан Бас жүлде,
4-сынып оқушысы Мұратбек Қыран 1-орын,
2-сынып оқушысы Илияс Алмас 2-орын,
3-сынып оқушысы Юлдашұлы Мансұр 2-орын,
4-сынып оқушысы Еркінғали Алинұр 2-орын,
2-сынып оқушысы Керімбек Айбар 3-орын,
3-сынып оқушысы Дүйсехан Бекнұр 3-орын иеленді.
  
  Орта топтар арасында
6-сынып оқушысы Жайырбек Шынтілеу 1-орын,
5-сынып оқушысы Жайырбек Арнай 2-орын,
7-сынып оқушысы Сламғазы Айару 3-орынды иеленді.

Үлкен топтар арасында 
8-сынып оқушысы Байсанаева Инабат Бас жүлде,
8-сынып оқушысы Тұрағалды Диана- 1-орын,
7-сынып оқушысы Қазайбек Айгүл 2-орын,
9-сынып оқушысы Қалиақын Әсия 3-орынды иеленді.
Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Куренбаева А.К.
#Жетісу облысы білім бөлімі #
#Мұқағали оқулары#
#Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп