1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
март
2024

1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ

2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау туралы

   Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталды!
Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығына сәйкес 2023-2024 оқу жылына            1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап e-zhetysu.kz  және egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
 Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады. Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, 6 жастағы балалар қабылданады, сонымен қатар 31 желтоқсанға дейін 6 жасқа толған балалар да 1-сыныпқа бара алады.
 Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
 1. Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалар).
 2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
 3. 3*4 фотосурет - 2 дана
 4. Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорты)
 5. 063/У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат.