«Біз «Мәңгілік ел» Ұландарымыз!» тақырыбындағы Ауған соғысының 34 жыл толуына орай ұйымдастырылған аудандық семинар » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біз «Мәңгілік ел» Ұландарымыз!» тақырыбындағы Ауған соғысының 34 жыл толуына орай ұйымдастырылған аудандық семинар
14
февраль
2023

«Біз «Мәңгілік ел» Ұландарымыз!» тақырыбындағы Ауған соғысының 34 жыл толуына орай ұйымдастырылған аудандық семинар

Мектепте Ауған соғысынның 34 жыл толуына орай 08.02.2023ж. «Біз «Мәңгілік ел» Ұландарымыз!» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Жоспаға сәйкес АӘжТД пәнінің мұғалімі Оспанов Жандос Нұртәліпұлы 11-сынып оқушыларымен «Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Семинар барысында  тарих пән і мұғалімі  Қуан Мұхамадвалиұлы Соғыс жылдарындағы оқиға  «Жылдар сөйлейді» тақырыбындағы презентация көрсетіліп,  «Ауған ақиқаты» тақырыбында баяндама оқыды.

1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс–зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі–Ауған соғысы болды. Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерімізді еске алып 1 мин үнсіздік жарияландыАуған соғысының ардагарлері Жалғасбеков Нұрым, Батырқодаев Абдырахман Нуриддинұлына сөз кезегі беріліп, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды.

Ауған соғысының қасіреті туралы оқушылар өлең жолдарын оқып  көрініс көрсетті. Келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпақтарымыз «Еркеназ» биші қыздарымыздың орындауында «Рухты Ару» биі орындалды. Семинар соңында С.М.Асанов Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті, өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізгендігі – біз үшін бір ғанибет екендігін айтып,  қонақтарға өз ризашылығын білдірді.


Анықтама жазған  ДТІЖО Нүптекеева Б.Б.

08.02.2022ж.