Психолог кеңесі » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2023

Психолог кеңесі

  • Жеткіншектердің психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Баланы орынды мақтау мен жағымды қасиетін көре білу. әр баланың бойындағы жағымды қасиетті іздеңіз, соған сүйене отырып, басқа жақтарын түзеуге әрекет етіңіз. Баланы орынды мақтау мен жағымды қасиетін көре білу. әр баланың бойындағы жағымды қасиетті іздеңіз, соған сүйене отырып, басқа жақтарын түзеуге әрекет етіңіз. Бала көңілсіз, мазасызданып отырғанын байқасаңыз, оны көп мазаламай сабақтан соң оңаша сөйлескен жөн. Педагог екендеріңізді танытып, жан дүниесін түсінуге өзіндік кілтін табуға тырысыңыз. 

  • Қандай жағдай болмасын сабырлық танытып, бала өз қатесін түсінетіндей жағдайға келіңіз. Қандай жағдай болмасын сабырлық танытып, бала өз қатесін түсінетіндей жағдайға келіңіз. Қателік сізден кетсе, онаша болғанда өз қателігіңізді мойындаңыз. Бар балаға бірдей қатал болмаңыз, сабақ үстінде қорқып отырған бала мұғалімнің айтқанына зейін сала алмай, шашыраңқы отырады. 


  • Балалардың шошып отырғанын байқаған кезде, әзілдесіп, олардың бойларындағы қысымды сейілдетуге тырысыңыз. Одан бала тәртіпсіз болып кетпейді, басыңызға шығып алмайды. (қызықты жұмбақ) Бұндай юморды балалардың шаршағанын байқаған кезде де 1-2 минуттық пайдаланған тиімді. Егер сабағыңыз қызықты болса, балалар да қызығатындай етіп түсіндіріңіз. 

  • Егер балаға мол мейірімділікпен қарасаңыз, ол да сізге солай қарайтын болады. Сіз оларға қалай қарым-қатынас жасайсыз, олар да сізге солай қарым-қатынас жасайды. Бала сіздің оған қамқорлық жасап тұрғаныңызды сезінуі керек. Егер оқушыны жамандай берсеңіз,ол одан әрі жаман бола береді, ал егер жақсы қасиетін көріп қалып, мақтай берсеңіз, онда ол мақтауға тұрарлықтай қылықтар істеуге ұмтылып тұратын болады. Өз сыныбыңызды мектептегі ең үлгілі, ең тәртіпті, ең ұйымшыл сынып деп таныңыз.

  • Оқушылардың ең сүйікті мұғалімдері болыңыздар!