2022-2023 оқу жылына арналған мектеп психологының жұмыс жоспары » Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылына арналған мектеп психологының жұмыс жоспары
12
февраль
2023

2022-2023 оқу жылына арналған мектеп психологының жұмыс жоспары

2022-2023 оқу жылына арналған мектеп психологының жұмыс жоспары


Мақсаты:

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау. Орта білім беру ұйымдарында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау және білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері:

1) Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және зияткерлік дамуына жәрдемдесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

2) Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, олардың тез дамып келе жатқан ақпараттық қоғам жағдайында табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;

3) әрбір білім алушыға, тәрбиеленушіге оның жеке базы психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде жеке көзқарас қалыптастыруға ықпал ету;

4) Психологиялық диагностика жүргізу және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін дамыту;

5) Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық қиындықтары мен проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

6) Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмысының оңтайлы әдістерін таңдауда ата-аналарға (заңды өкілдерге) және педагогтерге консультациялық көмек көрсету;

7) Білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.

Бағыттары:

1. Психодиагностика

2. Кеңес беру жұмысы.

3. Ағартушылық және психопрофилактикалык қызметі.

4. Дамыту және түзету жұмыстары.

5. Әлеуметтік-диспетчерлік жұмыс.